Бұған байланысты ұсынысты келесі аптада ел парламентіне тапсыруға коалициялық үкімет уағдаласты. Осыған орай парламент сессиясын тамыздың 11-не шақыруға үкімет ресми ұсыныс жасап отыр. Президент Первез Мушарафқа сенімсіздік, яғни импичмент жариялаудың жобасын бүгін коалиция жетекшілері мақұлдамақшы.