Грузия мен Оңтүстік Осетияның қақтығыстары үдеп барады

Цхинвали қаласында Грузия армиясы мен Оңтүстік Осетияның әскери құрамалары арасында кескілескен шайқас өтіп жатыр.
Бітімгершілік күштеріне сілтеме жасаған “Интерфакс” агенттігі шайқас аумағында ресейлік 3 бітімгер жауынгердің жараланғанын хабарлайды. Оңтүстік Осетия республикасының үкіметі 15 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.
İшкі істер министрлігінің дерегіне сәйкес, Ресейдің 3 соғыс ұшағы Грузияның әуе кеңістігіне бұзып кіріп, бірнеше бомба тастаған.
Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесі төтенше мәжілісін шақырып, Оңтүстік Осетиядағы ахуалды талқылауда. Премьер-министр В.Путин Грузияның әрекетін “басқыншылық” деп бағалап, ондай әрекеттің” жауапсыз қалмайтынын” ескертті.