Грузия президенті Михаил Саакашвили грузиялық күштердің Оңтүстік Осетия жікшілдері және Ресей әскерімен қақтығысы күшейген соң, өзінің парламенттен елде 15 күн төтенше жағдай енгізуді мақұлдау туралы сұрайтынын айтты. Грузия ресмилері ресейлік әуе ұшақтары Гори қаласымен қоса өзінің бірнеше аймағын атқылап, бейбіт тұрғындар қаза тапты деп отыр. Сонымен қатар Грузия Ирақтағы 2 мыңдай әскерін қайтарып алып, оның бір мыңын Оңтүстік Осетияға жібермекші.