Қазақстан Оңтүстік Осетияға гуманитарлық көмек жүгін жібереді

Бүгін Алматыдан Оңтүстік Осетияның тұрғындарына гуманитарлық көмек жүгі жіберіледі, деп хабарлайды Алматы қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Жалпы салмағы 3 тонна гуманитарлық көмек азық-түлік, көрпе және өзге де қажетті заттардан тұрады.