Тбилиси Мәскеумен бітім келісіміне қол қойды

Бүгін Грузия президенті М.Саакашвили Ресеймен арадағы жанжалды доғару үшін бітімге келу туралы келісімге қол қойды. Ол туралы бүгін Тбилисиде сапарда жүрген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райспен бірге өткізген баспасөз-маслихатында М.Саакашвилидің өзі хабарлады.
Өз кезегінде К.Райс келісімге М.Саакашвилидің қолы қойылған соң, Ресейдің барлық әскері, оның ішінде тұрақты армиясы мен қарулы жасақтары дереу Грузия жерін тастап шығуға тиіс деп мәлімдеді.