Ресей Грузияға қатысты атысты тоқтату келісіміне қол қойды

Бүгін Ресей алты бөлімнен тұратын атысты тоқтату құжатына ресми түрде қол қойды. Бұл құжат Ресейді аймақтағы барлық әскерін әкетуге міндеттейді. Бұл арада Грузияның Поти мен Гори қалаларынан түскен хабарларға қарағанда, Ресей әскерлері әлі де бұл маңда қалып отыр.