Абхазия тәуелсіздігін мойындауға шақырады

Бүгін Абхазия парламентінің Сухумиде өткен кезектен тыс сессиясы Ресейді республиканың тәуелсіздігін мойындауға шақырған үндеу қабылдады.
Сонымен қатар Абхазия парламенті басқа елдерді де республиканың тәуелсіздігін мойындауға шақырды.
Ал бейсенбі күні Сухумидің орталығында Абхазияның Грузиядан тәуелсіздік алуын қолдайтын үлкен митингі өткізілмекші. Онда абхаз президенті Сергей Багапш халыққа арнаған үндеуін жолдайды.