Грузияға байланысты Ресей өз жоспарын ұсынуда

Грузияда бейбітшілікті орнатуға бағытталған бұл жоба БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде таратылды. Осыдан бір күн бұрын Ресейдің осы ұйымдағы елшісі Батыстың қолдауындағы жоспар жобасына қарсы шыққан болатын.
Өткен аптада Ресей мен Грузия қол қойып, қабылдаған 6 баптан тұратын бейбіт жоспар Ресейдің ұсынып отырған жобасында қайта талданып, қуатталған.