Орталық алаңдағы Ұлттық мұражай алдына кәдімгі орыс танкісі қойылып, оның үстінде советтік солдат гимнастеркасын киген "орыс әскерлері" орналасқан. Ашық аспан астындағы көрмені тамашалаушылар әскери киімді 40 жыл бұрынғы солдаттармен суретке де түсуде.
Вацлав алаңының ұзына бойында австралиялық фотограф Франс Гоиссидің 1968 жылғы оқиғалардан түсірген деректі суреттерінің көрмесі көп назарын аударып, тарих парақтары көз алдыңызда тізбектеліп өтеді.
Қазіргі Чехия жеріне американдық радар бекетінің орналастырылуына қатысты петиция жинаушы топтың асфальт бетіне сызып қойған Еуропа картасындағы Чехословакияның үстімен өтіп бара жатқан орыс солдатының киіміндегі әскерлерді көргенде ата-аналар тарихтан бейхабар балаларына өткен күннің белгісі туралы әңгімелейді.
Радарға қарсылар мен оны қолдаушы топтардың түрліше уәждері 1968 жылғы басқыншылықтың 40 жылдығын атап өту шарасының мазмұны мен сипатына әсер етпей қалған жоқ.
Your browser doesn’t support HTML5