Ресей әскері Грузияның Гори қаласын тастап шығып, Оңтүстік Осетияға қарай қозғалды. Ол туралы Азаттық тілшісі хабарлады. Грузин жағының хабалауынша, Сенаки қаласының жанындағы соғыс базасынан шыққан Ресей техникасы Абхазия шекарасына қарай шегінді.
Сонымен бірге орыс әскерінің грузин-осетин жанжалы аумағынан тыс Грузияның басқа аудандарында қалғаны туралы хабар бар.
Оның алдында Ресейдің қорғаныс министрлігі сенбіге қарай Грузиядағы “қауіпсіздік аумағында” орыстың бітім күштері ғана қалады деп мәлімдеген болатын.
Грузия “қауіпсіздік аумағын” құруға қарсы шықты.