В. Ющенко: Ресейге жауап ретінде НАТО тезірек кеңеюі керек

Украина президенті Виктор Ющенко НАТО-ға өз әскери кеңістігін тезірек кеңейтіп, Грузияға басқыншылық жасаған Ресейге жауап беруге шақырды. Таймс басылымына берген сұхбатында Ющенко Украина Ресейдің нысанасында тұрмағанына кепілдік алу үшін бәрін жасауға дайын деген. Ал Ресей НАТО-мен ынтымақтастығын Кавказдағы дағдарысқа байланысты тоқтатып тастаған.