Ауғанстанда жапон азаматы ұрланды

Ауғанстанда қайырымдылық ұйымдарының бірінде қызмет істеген Жапония азаматы ұрланды.
“Киодо” агенттігінің хабарлауынша, жапон азаматын Жалалабад қаласының маңында белгісіз қаскүнемдер ұрлап кетті.
Ол қызмет істеген қайырымдылық ұйым Ауғанстан мен Пәкістанның ауруханаларына жәрдем беріп келді.