Тамыздың 26 күні сағат 08.30 шамасында, Әуе қорғанысы күштерінің иелігіндегі «Ми-17» тікұшағында оқу-жаттығу кезінде ақау пайда болған. Экипаж оны қондырмаққа әрекет жасағанымен, басқаруға көнбеген тікұшақ Алматы облысындағы Фабричный елді мекені маңында бір жақ жанына құлап түскен, деп хабарлады «Хабар» агенттігі. Үш адамнан тұратын экипаж мүшелері тек жеңіл жарақаттар ғана алған деп хабарланып отыр. Қорғаныс министрлігінде құрылған комиссия тікұшақтағы ақаудың себебін тексеріп жатыр.