Ресей Еуропа картасын қайта жасамақшы

Осылай дей келіп, Грузия президенті Михаил Саакашвили Ресей бұл мақсатына күшпен жеткісі келеді деді. Ресей өзінің Грузияға жасаған таяудағы басқыншылығын империясын қайта құруға пайдаланғысы келді деді ол “Файненшл таймста” бүгін жарияланған мақаласында. Ресейдің келесі мақсаты Грузия үкіметін биліктен кетіру дей келіп, Саакашвили Батысты Грузияға жедел көмек пен саяси қолдау көрсетуге шақырды.