Барак Обама – президент сайлауына түседі

Денвер стадионына жиналған 80 мың халықтың алдында сөз сөйлеген сенатор Барак Обама президент сайлауына Демократиялық партияның үміткері болып түсу ұсынысын ресми түрде қабылдады. Өзінің бағдарламалық сөзінде Обама орта тапты қолдауға және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға уәде берді.
Б.Обама 4 қарашадағы сайлауда Джон Маккэйннің жеңіске жетуі – Джордж Буштың үшінші мерзімге сайлануымен бірдей деп мәлімдеді.
Барак Обама – Американың ірі партияларының бірі атынан президент сайлауына түсетін тұңғыш афро-америкалық үміткер.