Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сичуань және Юннан өлкелерінде сенбі күні орын алған зілзаладан қаза болғандардың саны кемінде 33-ке жетті. Ал жараланғандардың саны 500 шамасында болып отыр. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қуаты 5.6 балға жеткен жер сілкінісі салдарынан 180 мыңға жуық ғимарат қираған, кемінде 40 мың адам эвакуацияланған.