Бірлескен әскери жаттығулар өтеді

Бүгін Ресейдің Челябинск облысындағы Чебаркуль полигонында Ресей мен Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің қатысуымен бірлескен әскери жаттығулар басталады, деп хабарлайды «Интерфакс» агенттігі.
«Центр-2008» деп аталатын жедел-стратегиялық жаттығулар екі күнге жалғасады.