Баскетболшы жастар Азияның жартылай финалына шықты

Сирияда жастар арасында баскетболдан өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалы үшін болған ойында Қазақстан құрамасы алаң иесін 83:81 есебімен ұтты. Сөйтіп, тәуелсіз Қазақстанның жастар командасы өз тарихында алғаш рет баскетболдан Азияның жартылай финалына шықты.