Ким Чен Ирдің денсаулығы ойдағыдай

Солтүстік Кореяның жоғары лауазымды өкілі Ким Чен Ирдің денсаулығы “нашарлады” деген хабарды теріске шығарды.
Коммунистік Кореяның № 2 басшысы саналатын Ким Янг-Намның жапониялық Киодо агенттігі келтірген сөзіне қарағанда, Ким Чен Ирдің денсаулығы ойдағыдай.
Солтүстік Корея көсемінің нашар денсаулығы туралы хабар кеше Корея Халық Демократиялық Республикасының 60 жылдығына арналған салтанатты шеруге оның келмеуі себепті пайда болды.
Осыған дейін Оңтүстік Кореяның ресми өкілі Ким Чен Ир сырқаттанып қалса керек, бірақ ол тірі болар деген үмітін білдірген еді.