Астанада “Мұстафа Шоқай” фильмінің тұсаукесері болып өтті. Ш. Айманов атындағы “Қазақфильм” киностудиясы түсірген бұл туынды Орталық Азия тарихындағы ең даулы тұлғаның эмиграциядағы өміріне арналған.
Алғашқы көрермендер оны сәтті шыққан деп бағалады.
Фильм Шоқайдың әйелі Мария Горинаның естеліктері негізінде құрылған. Фильмде қайраткердің жары Марияның Мұстафамен өткен өмірі, патша генералы Еникеевтің кешінде олардың қалай танысқаны, 1941 жылы қыркүйек айында оның Мұстафаны ең соңғы рет көрген сәттері суреттелген.
26 жасында патшалық Ресейдің Мемлекеттік думасында мұсылман фракциясының жетекшісі болған Мұстафа Шоқайдың Түркістан ұлт-азаттық қозғалысындағы ролі әр кезеңде түрліше бағаланып келді. Совет дәуірінде ол "сатқын", "фашисттік құйыршық" және "ұлтшыл" деп сипатталды.
Ал бүгінгі Қазақстанда Мұстафа Шоқай өз ұлтының патриоты және алғашқы құқық қорғаушылардың бірі деп бағаланады.
Фильмнің режиссері – халықаралық кинофестивальдарда көптеген сыйлықтарды иеленген “Жас аккордеонистің өмірбаяны” мен “Қыз жылаған” картиналарын түсірген Сатыбалды Нарымбетов. “Мұстафа Шоқай” фильмінің сценариін қазақ дараматургы Әкім Тарази, сценарист Ермек Тұрсынов және ресейлік режисер Сергей Бодров (үлкені) бірлесіп жазған.
Бас рольдерді қырғыз актері Азиз Бейшеналиев пен қазақстандық белгілі әнші Карина Абдуллина ойнаған.
Фильм 2005 жылы түсіріле бастаған. Туындының көптеген бөлігі Алматы қаласы мен оның маңындағы Қапшағай, Құлантөбе және Талғар жерлерінде түсірілген. Мұстафа Шоқайдың Гремания мен Франциядағы өмірі туралы эпизодтар Чехия астанасы Прагада түсірілген. Кей кадрлар сондай-ақ Париждің өзінен алынған, ал Мұстафа Шоқайдың Кавказда эмиграцияда болған кезі Баку мен Тбилисиде түсірілді.
Советтік тарихнама Мұстафа Шоқайдың атын халықтың санасынан өшіруге тырысты. Алайда 20-шы ғасырдың аяғында бұрын құпия болып келген мұрағаттардан күрескер тұлға туралы көптеген деректер шыға бастады. Мұстафа Шоқайдың еңбектері мен оның әйелі Мария Горинаның күнделіктерінен оқитынымыздай, Мұстафа жоғары білімді, парасатты тұлға, әрі өз өмірін түркі халықтарының құқықтарын қорғауға арнап, Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде фашистердің концлагерлерінен ондаған мың тұтқынды босатқан ұлттық патриот болған.
Францияда қуғында болғанында Мұстафа Шоқай классикалық үлгідегі эмигранттық күрес жүргізді, журналистикамен айналысты. Оның жетекшілігінде "Яш Түркістан" деп аталатын журнал шығып тұрды. Мұстафа Шоқайдың күреске толы, қайраткерлік өмірінде әйелі Мария қатты қолдап, сол жолға ол опера санхасын да тәрк етіп, опера әншілігінен біржолата қол үзеді. Ал Горинаның бірінші күйеуі орыс дворяны, Ташкент прокуроры болған.
Фильмде Карина Абдуллина өз өмірін болашақ ұлт көсеміне арнаған әйелдің тағдырын көрсетеді. Мария Париждің шетінен жалдаған пәтердің ақшасын 6 айлап төлей алмаған кезде үй қожайынымен сөйлескені, үйдің бюджетін қалай есептеген сәттері, жарнамалар жазып, тамақ пісіру арқылы ақша тапқандығы - міне осының бәрі Шоқайдың эмиграциядағы өмірін көрсетеді. Азаттық радиосына берген сұхбатында Абдуллина:
“Марияны ойнау маған оңай болды. Мен оның өмірін жақсылап түсініп, көз алдыма елестеттім. Ол да маған ұқсаған әнші болған. Фильмдегі опера үзінділерін арнайы жаттамадым, оларды бала кезімде айтатын едім. Менің есте сақтау қабілетім өте жақсы, мәтіндерді оңай жаттап алдым. Кей жерлерін өз сөзіммен айтқаным табиғи, жатық шықты деп ойлаймын. Ол өте тамаша және рухы мықты әйел болған”, - дейді.
Карина Абдуллина кинодағы өзінің тұңғыш роліне қанағаттанғандығын айтады.
Ал мәскеулік Азиз Бейшеналиев Азаттық радиосына берген сұхбатында осы фильм арқылы басты кейіпкер– Мұстафа Шоқай туралы көп нәрсені білдім дейді. Азиз интернеттен Мұстафа туралы мәлімет табуға тырысқанымен, қазақстандық ғалым Бақыт Садықованың Шоқай туралы кітабы өзінің ролді терең ұғынып, толыққанды сомдауына көп септігін тигізгенін айтады
-Мен оның қандай саясаткер болғанын білмеймін. 1941 жылдың қыркүйек айынан желтоқсанға дейін Мұстафа мыңдаған адамды құтқарып, олармен сөйлескен. Осы фактінің өзі менің Мұстафа Шоқайды мықты және батыл адам ретінде бағалауыма жеткілікті болды. Өзіңіз елестетіңізші, Мұстафа Шоқай қаншама адаммен жеке сөйлескен. Бұл миға қонбайды. Ол қашан ұйықтап, қашан тамақ ішкен? Ол өз халқы мен барлық мұсылмандарды фашистердің қамауынан құтқару мақсатында батыл жұмыс атқарды. Құтқарылғандардың бәрі дерлік шетелде қалған. Отанында оларды өлім күтіп тұрған еді”, - дейді Бейшеналиев.
Мұстафа Шоқай 1941 жылы желтоқсан айында Берлиндегі бір ауруханада 51 жасында, жұмбақ жағдайда қайтыс болған. Оған біреу у беріп, улап өлтірді деген де болжам бар. Кейбір тарихшылардың айтуынша, Мұстафа Шоқай сүзек дертінен көз жұмған.
Ал Мария Горина 1968 жылы Францияда өмірден өткен.