Дәрігерлер Қарағандыдағы 25 -ші орта мектепте денсаулықтары нашарлаған балалардың ішек инфекциясына шалдыққанын анықтап, оларды жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызды.
Мектептің бастауыш сыныбында оқитын 7 бүлдіршін асханадан түскі ас ішкеннен кейін, кенеттен дене қызулары көтеріліп, дәрігерге қаралуға мәжбүр болған екен. Жалпы санитарлық дәрігерлердің айтуынша, мектептің 65 оқушысы денсаулықтарына шағымданған.
Қарағанды облысында жаңа оқу жылының басынан бері 1- ші мен 4 ші сынып аралығындағы мектеп оқушылары тегін тамақтандырылып жүр.
Бұл мақстатқа бюджеттен ауқымды қаражат бөлініп, тендер бойынша қызметті ең арзан бағаға көрсетем деген кәсіпкер оны ұтып алатындығы белгілі. Осылайша аталған мектепте бір баланы тамақтандыру үшін кәсіпкер бюджеттен 104 теңге алады екен.
Қазақстанда бұл ақшаға 2 бөлке нан ғана сатып алуға болады.
Пришахтинск елдімекеніндегі аталған мектепте 1000 -нан аса оқушы білім алса, бастауыш сыныптардағы 440 оқушы асханада тегін тамақтанады.
-Сол күні тауық етінен тағам даярлағанбыз, бәрі ойдағыдай болған еді, мұндай жағдай тәжірибемде бірінші рет кездесіп отыр,- дейді асхананы жалға алушы кәсіпкер Галина Кулакова.
Осы күннің ертеңінде мектепке санитарлық- эпидемиологиялық қызмет мамандары келіп тексеріс жүргізген. Зертханалық зерттеу жұмыстарының нәтижесінен кейін ғана асхананы жалға алушы кәсіпкерге қандай шара қолданылатыны белгілі болады дейді құқық қорғаушылар.
"Санитарлық нормалардың сақталмау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тексеріс, тергеу шаралары аяқталғанша, бүлдіршіндер мектептен ас іше алмайды. Себебі мектеп асханасы жабылып қалған.
Қарағандының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі енді облыстағы барлық оқу орындарындағы тағам және ауыз су сапасына жан-жақты тексеру жүргізбек.