Саакашвили Грузияны НАТО-ға қосуға асығуда

Президент Михаил Саакашвили Грузияның НАТО-ға қосылуын тездетуге шақырды. Бұл туралы ол Тбилисиге екікүндік сапармен барған НАТО Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффермен кездесуі барысында айтты.
Схеффер НАТО-ға мүше 26 мемлекеттің елшілеріне жетекшілік етуде. Ал бұл екі арада Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Грузияның қос жікшіл аймағына жасаған сапары аяқталды.
Лавровтың айтуынша, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақстастық ұйымы Оңтүстік Осетияға қатысты барлық шешімдеріне Грузияның осы жікшіл аймағының өкілдерін қатыстыруы тиіс.