Алматының шетіндегі бұрынғы Красный Трудовик елдімекенінің тұрғындары бүгін сағат 12 кезінде сол жерге билік өкілдері үйлерді бұзуға келеді дегенді естіген соң таңертеңнен жұмысқа бармай, өз баспаналарын қорғап қалу үшін жиналды. Елдімекенге қала жақтан кіретін үш жолдың аузында полиция көліктері тұрғанын хабарлады қазір сол жерде жүрген Азаттық тілшісі. Олар осы елдімекенге қысқы маусымға арналған отын тиеген жүк көліктерін кіргізбей кері қайтарып жатқанын айтады тұрғындар.
Тұрғындардың айтуынша, қыркүйектің 11-і күні олардың жұмыста болғанын пайдаланып, билік орындары елдімекендегі 6 үйді бұзып тастаған.