Ұлттық футбол құрамасының бас бапкері жұмыстан босатылды

Қазақстан Футбол Федерациясының басшылығы ел құрамасының бас бапкері голландиялық маман Арно Пайперсті отставкаға жіберді. Бұған 2010-шы жылы футболдан өтетін әлем чемпионатына қатысу үшін, биыл басталған іріктеу кезеңіндегі екі кездесуде Қазақстан құрамасының сәтсіз ойнағаны мұрындық болды. Алғашқы үш матчты Алматыда өткізген ұлттық құрама Андорра командасын 3:0 есебімен жеңіп, Хорватия ойыншыларынан 0:3 және Украина футболшыларынан 1:3 болып ұтылып қалған еді.

Бас бапкердің міндетін уақытша атқару футболдан жастар құрамасының бас жаттықтырушысы Бернд Шторкке тапсырылды.

Қазақстан құрамасы енді қазанның 11-і күні Лондонда өтетін келесі ойында Англия командасымен кездеседі.