Премьер-лигадан екі клуб қуылуы мүмкін

Қазақстан Футбол Федерациясының Тәртіптік-бақылау комитеті Өскеменнің «Восток» және Қарағандының «Шахтер» футбол клубтарын премьер-лигадан шығару туралы шешім қабылдады. Бұл екі команда 22-ші турдағы өзара матчты келісім бойынша өткізіп, көзбояушылық жасаған деген айыпқа қалып отыр. Ол кездесуде 2:1 есебімен «Шахтер» жеңіске жеткен болатын. Комитет ол матчтың ресми нәтижесін де жойды.

Аталған екі клуб енді Аппеляциялық комитетке шағымдануға құқылы. Сонда қаралғаннан кейін Федерацияның түпкілікті шешімі шығарылады.