ЕуроОдақ пен Орта Азияның алғашқы форумы Парижде болды. Бір күндік ол басқосуға одаққа мүше елдер мен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстанның ресмилері қатысты. Сондай-ақ ЕуроОдаққа мүшелікке үміткер Түркия, Хорватия, Македония өкілдері де басқосуда болды. Күн тәртібінде лаңкестікке және адам саудасы мен есірткі саудасына қарсы күрестің жайы талқыланды. Энергиямен қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау мәселелері де назарда болды.