Вашингтонгда алтыжақты келіссөз нәтижесіз аяқталды

Кремль Иранға қарсы жаңа санкция қабылдауға түбегейлі қарсы.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылғандай, Кремлдің мұндай табанды көзқарасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері болып табылатын 5 мемлекет пен Германия өкілдерінің Вашингтонда өткен келіссөзінде жарияланды.
Келіссөздің барысында Ресей өкілдері Теһранмен үйлесімді келіссөзді қайта жалғастыруға деген іс-шараны үзбеуді ұсынды.
Қазір уран шикізатын байытуды доғарудан бас тартқан Иранға қарсы жаңа санкциялар жиынтығын қолдану мүмкіндігі талқылану үстінде.