Президент Уго Чавестің үкіметі АҚШ-та орналасқан Адам құқтары ұйымының екі бақылаушысын Венесуэланы тастап шығуға мәжбүрледі.
Ресмилер жариялаған мәлімдемеде оларды Венесуэллаға қарсы АҚШ-пен байланыста астыртын қимылдарға барды деп айыптаған.
Адам құқын қорғаушы ұйымның осы аптада жарық көрген есебінде Чавес үкіметі демократиялық институттардың жеткіліксіздігі үшін және адам құқтарының сақталуына кепілдік берілмей отырғаны үшін сыналған болатын.
Екі бақылаушы осы баяндама жарық көрген соң, бірнеше сағаттардан кейін-ақ елден шығарылды.
Адам құқтары тобының ұзақ уақыттан бері директоры болған Жозе Мигуел Виванко Бразилияның Сан-Пауло қаласында сөйлеген сөзінде біз нағыз қылмыскерлер сияқты елден күшпен шығарылдық деп айтқан. Оның орныбасары Даниел Уилкинсон да осындай жолмен шекара асырылған..
Мемлекеттік телеарнадан екі құқық қорғаушыны елден шығару жөніндегі ресми бұйрық оқылып, олардың жиналып жатқаны және түн ішінде ұшаққа қалай жеткізілгені туралы бейнетаспа көрсетілген.
Венесуэланың айтуына қарағанда, олар миграции заңдарын бұзып, ел ішіне туристік визамен кірген.
Адам құқтары тобы тәуелсіз ұйым, бірақ ресми Каракастың малімдеуінше, бұл ұйым Буш әкімшілігімен бірлесе жұмыс істеп, Чавес үкіметін құлатуға әрекет жасағысы келеді.
Венесуэланың коммуникация министрі Андрез Изарра журналистер алдында былай деді:
-Адам құқтарын бақылау ұйымының іс-әрекеті жақында әшкереленген Венесуэлада тұрақсыздық орнату қимылдарымен сабақтас екендігіне біздің еш күмәніміз жоқ. Human Rights watch арқылы АҚШ Венесуэлаға араласқысы келеді және Венесуела олигархтарының заңсыз мүддесін қорғағысы келеді.
Екі бақылаушының елден шығарылуы Венесуэланың өз ішінде де, одан тыс жерлерде де кең көлемді сыни пікірлер туғызды.