Ауғанстанда әскери операциялар бір күнге тоқтатылды

21 қыркүйекте Әлемдік бейбітшілік күнінің аталып өтілуіне орай, Ауғанстандағы халықаралық коалиция күштері бұл күні жаугерлерге қарсы әскери оперциялар жүргізбейтін болды.
Мұндай шешімді алдымен Ауғанстан президенті Хамид Қарзай қабылдап, үкіметтік күштерді операцияларды тоқтата тұруға бұйрық берген болатын.
Тәліптер де бұл күні шабуылдардан бас тартты.