Ахмединежад: Иран кез-келген шабуылға жауап береді

Иран президенті Махмұд Ахмединежад ұлтқа қарсы қандай шабуыл болса да ел әскері тойтарыс беруге толық әзір деп атап көрсетті бүгін.
Бұл жөнінде Ахмединежад 1980-1988 жылдардағы Иран-Ирақ соғысының 28 жылдығын атап өтуге арналған әскери парадта сөйлеген сөзінде айтты.
Даулы ядролық бағдарламасына байланысты Батыс елдері Иранды ядролық қару технологиясын дамытып жатыр деп қауіптенеді, Иран мұны жоққа шығарады.