Франция Ауғанстандағы миссиясын күшейтпекші

Дүйсенбі күні заң шығарушылардың алдында сөйлеген сөзінде Франция премьер-министрі Франсуа Фийон бірнеше аптадан кейін Ауғанстанға қосымша тікұшақтар мен әскери жабдықтар, сондай-ақ, шамамен 100 әскер жіберіледі деп мәлімдеді.
Парламенттің қос палатасы Францияның Ауғанстандағы 2600 сарбазына қатысты дауыс беруге тиіс болатын. Тамыздың 18-де Кабулдың шығысында Талибан бүлікшілері 10 француз әскерін өлтірген-ді.