Қазақстан Үкіметі кешегі отырысында, елде жеке меншіктегі сот атқарушыларын енгізу туралы заң жобалары топтамасын бірауыздан мақұлдады. Жоба бойынша азаматтарға өздері тұратын аумақта мемлекеттікпен бірге жеке меншіктегі сот орындаушыларының қызметін пайдалану құқығы берілген. Ондай қызметпен кемінде 25 жасқа толған, жоғары заң білімі бар, 2 жылдық үздіксіз жұмыс тәжірибесін жинап, біліктілік туралы емтиханын сәтті тапсырған, осындай қызмет түрімен шұғылдануға рұқсат беретін лицензиясы бар және тиісті конкурстан өткен азаматтар айналысуға құқылы.
Жеке меншіктегі сот атқарушыларын енгізу туралы заң жобалары топтамасы Парламенттің қарауына беріледі.