Ресей азаматтары жүйелі түрде жемқорлықпен айналысады. Бұл туралы Ресейдің бас прокуроры Юрий Чайка мәлімдеді. Ол әсіресе денсаулық сақтау мен білім беру және үй салаларындағы проблемаларды көтере отырып, кейбіреулерге “заң шеңберінде әрекет жасаудан гөрі адал емес ресмилерге ақша бере салу оңайырақ болып көрінеді” деп атап көрсетті. Ресми мәліметтерге сәйкес, осы жылдың алғашқы 3 айында жемқорлыққа қатысты 28 мың оқиға анықталды, дейді Чайка. Халықаралық Transparency International ұйымының айтуынша, осы жылы Ресейдегі жемқорлық жағдайы күрт нашарлап кеткен.