МакКейн пікір-таласты кейінге қалдырғысы келеді

АҚШ-тағы президент сайлауына республикандықтар партиясынан түсетін үміткер Джон МакКейн сайлау алды науқанын уақытша тоқтатып отыр. МакКейн Вашингтонға оралып, заң шығарушыларға елдегі қаржы дағдарысын шешуге көмектеспекші. Алайда оның бәсекелесі Демократтар партиясының мүшесі Барак Обама жұмаға белгіленген алғашқы теле-айтыстарды кейінге қалдыру жөніндегі МакКейннің шақыруларын қабылдамады. Обаманың айтуынша, қараша айындағы президент сайлауы жақындаған сайын дәл қазір американдықтар үшін Обама мен МакКейннің ұстанымдарын білу өте маңызды. Президенттік пікір-таластар жөніндегі АҚШ комиссиясы МакКейн мен Обама арасындағы бірінші теле-айтысты жұма күні өткізуді жоспарлады.