Тараз қаласында адамдар көп жиналатын саябақтың жанында бір адам өз-өзін өртеп жіберді- деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Кәугерлердің айтуынша, ол өзінің үстіне солярка құйып, өрт қойған. Төртінші дәрежелі күйік жарақатын алған ол – ауруханада көз жұмды. Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл азамат жүйке аурулары диспансерінде тіркеуде тұрған екен. Полицейлер оқиға орнынан сіріңке, солярка құйылған шөлмек тауып, куәгерлерден жауап алды.