Жаңа жобада Иранға қарсы санкция жоқ

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 5 мүшесі мен Германияның дипломаттары Иранға қарсы жаңа Қарар жобасын әзірлеу үстінде. Хабарға қарағанда, жобада жаңа санкция қолдану қарастырылмайды, бірақ Иранның уран шикізатын байытуды доғармағаны үшін алдыңғы 3 санкцияны растайды.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдегендей, Мәскеу қазіргі сәтті Иранға қарсы жаңа санкция қарастыруға лайық уақыт деп есептемейді.
Онымен қарама-қатар жұма күні Нью-Йоркте сөйлеген сөзінде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Қауіпсіздік Кеңесін Израилді қорқытпақ болған Иранға ескерту жасауға шақырды.