Бағдадта ондаған адам мерт болды

Ирақ астанасы Бағдадта орын алған 4 жарылыстан кемінде 32 адам қаза тауып, ондаған кісі жараланды. Бұл шабуылдардың бәрі жексенбі күні ораза тұтқан ирақтықтар ауыз ашқан кезде болған. Каррада ауданындағы жарылыстардан кемінде 19 адам опат болды.