Беларусь оппозициясына парламенттен орын бұйырмады

Беларусте орын алған жексенбі күнгі сайлауларда оппозициялық партиялар парламенттегі бірде-бір орынға қол жеткізе алмады. Елдің Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, парламенттегі 110 орынның бәрі президент Александр Лукашенконы қолдайтын саясаткерлерге бұйырған. Оппозиция сайлау бұрмаланды деп отыр.