Мысырда ұрланған шетелдіктер босатылды

Осыдан шамамен бір апта бұрын кепілдікке алынған 11 еуропалық турист пен 8 Мысыр азаматы босатылды. Италия сыртқы істер министрлігі әлгі азаматтардың азат етілгендігін растады. Мысыр ресмилерінің айтуынша, туристерді ұрлаған қарулы адамдар оларды кейін Суданға әкеткен. Қарулы адамдар шетелдіктерді босату үшін 6 миллион доллар талап еткен.