Тимошенконың Ресейге сапары

Украина премьер-министрі Юлия Тимошенко бүгін Мәскеуге барып, ресейлік әріптесі Владимир Путинмен энергия мәселесін талқылайды. Ресми Киев Ресейдің Газпром компаниясымен Украинаға газ тасымалы жөнінде жаңа келісім жасамақшы. Қазір Украина 1 мың текше метр газ үшін шамамен 180 АҚШ долларын төлейді.