Сыртқы істер министрі Карнеги қорының Қазақстандағы бөлімін ашуды ұсынды

ҚР Сыртқы істер министрі М.Тәжин Карнеги қорына Қазақстаннан ортаазиялық бөлім ашуды ұсынды. Бұл туралы ол Вашингтонда сөйлеген сөзінде айтып өтті. Ол аталған қордың өкілдері — елші Джеймс Коллинз бен Еуразия бағдарламасының директоры Марте Олкоттқа Карнеги қорымен іскерлік байланыстың жемісті дамығанын атап көрсетті. «Біздің жиі іскерлік байланыстарымыз бен өзара мүдделестігіміз ортаазиялық бөлімді ашу туралы ойға жетеледі», — деді М.Тәжин.