Конгресс шешімі бағаның құлдырауын тоқтатпады

АҚШ Конгресі елдің қаржы-банк саласын дағдарыстан құтқару үшін 700 млрд. доллар бөлу жоспарын мақұлдады. Бірақ Американың қор биржаларындағы бағаның құлдырауын тоқтата алмады.
Жұма күні биржалар жабылған кезде Доу-джонс индексі тағы 1.5 %-ға түсіп, соңғы 5 жылдай кезеңдегі ең төменгі көрсеткішіне жетті.
Одан бұрын Еуропаның қор биржалары АҚШ Конгресіндегі дауыс берудің нәтижесін тосумен жабылған-ды. Жоспар мақұлданған соң президент Буш оған қол қойып бекітті. Президент бұл заңды Американың қаржы нарығын тұрақтандырып, банк саласы мен несие беру проблемаларын шешу үшін батыл қадам деп сипаттады.