Мұнай бағасы 90 доллардан төмендеді

Ғаламдық қаржы дағдарысы шикі мұнайға деген сұранысты азайтады деген алаңдаушылықтардан кейін мұнай арзандап отыр. Нью-Йорк биржасында бір баррель мұнайдың бағасы 89 доллар 19 тиын болды. Бірден өсіп кеткен мұнай бағасы шілде айынан бері шамамен 40 пайызға түсті.