Медицина бойынша Нобель сыйлығы тапсырылды

Бүгін медицина саласы бойынша Нобель сыйлығы 3 еуропалық ғалымға берілді. Германиялық Харальд цур Хаузен, франциялық Франсуа Барр-Синусси мен Люк Монтанье ВИЧ/СПИД дерті мен мойынның қатерлі ісік ауруына алып келетін вирустарды тапқандары үшін марапатталып отыр. Сыйлықтың ақшалай сомасы - шамамен 1.5 миллион доллар. Алдағы апталарда Швецияда физика, химия, әдебиет, экономика салалары бойынша Нобель сыйлығы тапсырылатын болады.