Бюджет комиссиясының отырысы өтті

Кеше ҚР премьер-министрінің орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен министрлер үйінде республикалық бюджет комиссиясының 29 ыншы отырысы өтті. Отырыста бюджеттік түсімдерді реттейтін нормативті құқықтық актілер жобалары бойынша бекітілген бағдарламалар және «2008 жылға арналған республикалық бюджетті орындау туралы» ҚР заңына сәйкес мәселелер қарастырылып, шешімдер қабылданды.