БиБиСи тілшісін өлтірген адам сотталды

Тәжік соты БиБиСи тілшісін өлтірген дала қолбасшысын түрмеге жапты. Азамат соғысы кезінде исламшылар жағында соғысқан қолбасшы Насрулло Шарифов БиБиСи-дің Тәжікстандағы тілшісі Мухиддин Олимпурды 1995 жылы өлтірген екен. Бұл қылмысын ол сотта мойындапты.