Ауғанстандағы Германия жасағы көбейеді

Германия үкіметі Ауғанстандағы әскерін ондағы қызметінде тағы 14 айға қалдыруға шешім қабылдады. Шешім бойынша неміс әскерилері мұнда 2009 жылғы Германия парламенттік сайлауынан кейін де тұра бермекші.
Биылғы жылы Ауғанстандағы әскер санын тағы мың адамға көбейтпекші. Сонда жалпы саны 4500-ге жеткізілмекші.