Қырғыз оппозициясының қатары бір партияға өсті

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ысмайыл Исақов үкіметтің саясатын ашық та өткір сынағаны үшін қызметінен кетті.
“Жаңа Қырғызстан” партиясының жетекшісі болып табылатын Исақов 8 қазан күні үкіметті бұқара халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарта алмағаны үшін өткір сынға алып, өзі бастаған партияның оппозиция жағына өтетінін мәлімдеген болатын.

Ысмайыл Исақов қызметінен кетуінің басқа да себептерін Азаттық радиосына беретін сұхбатында жан-жақты баяндап беруге тиіс.