Ауғанстандағы НАТО әскеріне Талибан қозғалысын қаржыландырған ірі есірткі саудагерлеріне қарсы күш қолдану құзыры берілді.
Есірткі барондары тәліптерге жылына шамамен 100 млн. доллар қаржы бөледі.
Тәліптердің жиі шабуылға көшуі – Ауғанстандағы НАТО күштерінің нәтижеге жететіндігіне күмән келтіре бастады. НАТО елдерінің қорғаныс министрлері Будапешттегі мәжілісінде Ауғанстандағы күштеріне ауған армиясымен бірге бүлікті қаржыландыратын есірткі саудагерлеріне қару жұмсау құқын берді. Ол туралы НАТО-ның өкілі Джеймс Аппатурай хабарлады.
Бұл шараның нәтижесін министрлер келесі жылдың ақпан айында Польшада өтетін кездесуінде саралайды.