Еуро аймақ жетекшілері қаржы дағдарысына қатысты жиналды

ЕуроОдақтың айналымдағы ақшасы еуро болатын15 елінің басшылары ғаламдық қаржы дағдарысын тұрақтандыру жолдарын қарастыру үшін бүгін Парижде кездесуде. Бұған дейін Одақ елдерінің әрқайсысы қаржы саласын тұрақтандыру шараларын жеке-жеке қарастырып келді.
Өткен аптада Франция, Германия, Британия, Италия басшылары экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын бірлесіп іздеу жоспары бойынша бір нәтижеге келе алмаған-ды.